Жарияланымдар

Астана криминалдық полициясы басшысы орынбасарының қамау мерзімі бір айға ұзартылды

1 мин чтения

Астана қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сәкен Сүлейменовтің қамау мерзімі төрт айға дейін ұзартылды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

«Астана ІІД криминалдық полициясы бастығының орынбасары Сәкен Сүлейменовті қамауда ұстау мерзімі 2017 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартылды», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Бұған дейін оның қамау мерзімі 2016 жылғы 7 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын. Астана ІІД-нің жоғары лауазымды қызметкері бірнеше мәрте азаптады деген күдікке ілінген.

Еске салайық, криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Сүлейменовтің ұсталғаны 8 қыркүйекте белгілі болды. Полиция полковнигі азаптау жасады деген күдікпен тұтқындалды. Оның ұсталғанын қала прокурорының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов растады. 14 қыркүйекте Сәкен Сүлейменовке қатысты ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы («Азаптау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды. Полковник сотталған адамның арызынан кейін тұтқындалған.

ДЕРЕККӨЗ:
http://today.kz/news/proisshestviya/2016-12-12/731691-srok-aresta-zamglavyi-kriminalnoj-politsii-astanyi-prodlen-na-mesyats/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы