Жарияланымдар

Астанада бұрынғы тұтқынның мемлекетке қарсы өтемақы талап ету ісі қаралып жатыр

1 мин чтения

Астанадағы сот мүгедектігі бар бұрынғы тұтқын Жаслан Сүлейменовтің Қазақстаннан өтемақы өндіру туралы талабын қарай бастады. Оның айтуынша, сегіз жылдық жазасын өтеген колонияда азаптауға ұшырағанын БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті де мойындаған.

Алдын ала тыңдаудың басында Есіл аудандық сотының судьясы Мадина Дәулетова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен залдан шығуды талап етті. Ол мұны сол сәтте залда болмаған жауапкер өкілінің пікірін білу мүмкін еместігімен түсіндірді.

20 қыркүйектегі тыңдауға талапкердің өзі, оның өкілі — заңгер Снежанна Ким, бақылаушы ретінде Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілі Екатерина Кавлец және жауапкер — Қаржы министрлігінің өкілі қатысты.

Талапкер министрліктен моральдық зиян үшін бес миллион теңге өндіріп алуды сұрайды. Сот залында болған жауапкер өкілі Азаттық тілшісіне аты-жөнін айтудан және жауапкердің ұстанымын түсіндіруден бас тартты.

Терроризм айыбын мойындамаған 41 жастағы Жаслан Сүлейменов сегіз жыл жазасын өтеді. Колонияларда мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалмағандықтан, ол қамаудағы уақытының көбін жатып өткізуге мәжбүр болған. Сәуір айында ол БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде Қазақстанға қарсы істі ұтып алды. Комитет оның азаптауға және адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасқа ұшырағанын, сондай-ақ тиімді құқықтық қорғау құралдары берілмегенін анықтады.

ДЕРЕККӨЗ:https://rus.azattyq.org/a/29500269.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы