Жарияланымдар

Астанада зорлау және кісі өлтіру үшін сотталған адам бір жылдан кейін ақталды

1 мин чтения

Астанада сот 2015 жылғы қарашада әйелді өлтіріп, зорлады деп кінәлі танылып, кейін мәжбүрлеп емдеуге жіберілген психикалық денсаулығында бұзылысы бар сотталушыға қатысты айыптау үкімінің күшін жойды.

Бұл прокуратура қызметкерлері аталған іс бойынша полицейлердің дәлелдемелерді қолдан жасағанын анықтағаннан кейін болды. Бұл туралы елордалық прокуратураның сайтында хабарланды.

Тексеру көрсеткендей, полицейлер Бекпанов пен Жүсіпов куәларға психологиялық және физикалық қысым көрсетіп, азаптаған. «Жалған жанама куәлардың айғақтарын алған Бекпанов мұнымен тоқтамай, сотталушыны толық әшкерелеу үшін жәбірленушінің жеке заттарын оған әдейі тастап кеткен», — делінген хабарламада.

«Сот үкімімен Бекпанов пен Жүсіпов сотталды. Ал адал полиция қызметкерлері нағыз зорлаушы мен кісі өлтірушіні табуға тиіс», — деп мәлімдеді қадағалау органы.

Дереккөз:
https://tengrinews.kz/crime/astane-spustya-god-opravdan-osujdennyiy-iznasilovanie-304234/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы