Жарияланымдар

Астанадағы медициналық айықтырғышта ер адамның өліміне кінәлілерге үкім шықты

1 мин чтения

Астана тұрғыны Николай Кривенконың өліміне кінәлілер сотталды, деп хабарлайды Today.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот алдында төрт адам — полиция сержанты және Наркология және психотерапия орталығының үш қызметкері жауап берді. Патрульдік полиция сержанты Берік Мұрзабаев «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» және «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша 10 жылға сотталды. Істің тағы үш фигуранты — орталық фельдшері Саят Сатын және санитарлар Фархат Қамбетов пен Сұңғат Темірғалиев «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. «Сот айыпталушылардан жәбірленушінің отбасына 1 038 280 теңге материалдық және 1,5 миллион теңге моральдық зиянды өндіріп алу туралы қаулы шығарды. Үкімге 15 тәулік ішінде шағымдануға болады», — деді сот өкілдері. Бұған дейін әлеуметтік желілерде полиция және медициналық айықтырғыш қызметкерлерінің кейін қайтыс болған ер адамды ұрып жатқан видеосы тараған. Оқиға 2017 жылғы 15 наурызда Астанадағы Наркология және психотерапия орталығында болған. 24 қазанда режиссер Нұртас Адамбай Николай Кривенконың өліміне кінәлілерді барынша қатаң жазалауды талап еткен. ДЕРЕККӨЗ:
http://today.kz/news/kriminalnyie-novosti/2017-11-03/753703-ubivshim-v-medvyitrezvitele-zhitelya-astanyi-vyinesli-prigovor/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы