Қызмет

Азаптауға қарсы күреске үлес қосып, білімін арттырғысы келетіндердің назарына!

1 мин чтения

Сізде үш сағаттық «Бас бостандығынан айыру орындарына мониторинг жүргізу (азаптаудың алдын алу); пенитенциарлық жүйе және қатыгез, ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас тұрғысынан ұстау жағдайлары; балалар мекемелеріне мониторинг жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы вебинарға қатысуға бірегей мүмкіндік бар. Вебинар Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) мен қоғамдық бақылау комиссияларына мүше болғысы келетіндерге арналған. Сондай-ақ ҰАТ пен қоғамдық бақылау комиссияларының қазіргі мүшелері де 2020 жылғы 24 қарашадаөтетін вебинарға қатыса алады. Іс-шараны Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы мен Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы ұйымдастырады. Вебинар бағдарламасы мына жерде:

Zoom конференциясына мына сілтеме арқылы қосылуға болады:

https://us02web.zoom.us/j/89258189234?pwd=N2pKaUhBdjAyRlM4YlhQVHRxalRjZz09

Конференция идентификаторы: 892 5818 9234

Қосылу коды: 456269

Вебинарға қатысу және қосымша ақпарат алу үшін Анна Солодоваға хабарласыңыз: smirnova.ig.anna@gmail.com

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы