Жарияланымдар

Азаптауға жоқ дейміз бе, әлде кейде жол береміз бе? Қысқа онлайн-зерттеуге қатысыңыз

2 мин чтения

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросы мен Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы «Азаматтық ынтымақтастық» платформасының Азаптауға қарсы жұмыс тобымен бірлесіп «Зорлық-зомбылық пен азаптау туралы не ойлайсың?» атты зерттеу жүргізуде.

Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстанда азаптаудың кеңінен қолданылуы азаптау мен қатыгездік мәселесін мүлде басқа деңгейге көтерді. Бұл жекелеген күштік құрылым қызметкерлерінің, тіпті жекелеген ведомстволардың ғана емес, бүкіл мемлекет пен қоғамның мәселесі болуы мүмкін екенін көрсетті.

Бұл зерттеу — қоғамның азаптау мен қатыгездік тәжірибесіне көзқарасын бағалауға бағытталған осы сипаттағы алғашқы әрі әзірге бірегей жұмыс. Ол қоғамның осы құбылыстан біржола арылуға қаншалықты дайын екенін түсінуге мүмкіндік береді. Әлде уақыт әлі келмеді ме және біз белгілі бір жағдайда мемлекет атынан әрекет ететін форма киген адамдардың заң мен адамгершілік қағидаларын бұзуына өзіміз келісеміз бе?

Бірге тексерейік.

Сауалнама әдістемесін «Қоғамдық үкім» қорының мамандары Әдістемелік зертхана әлеуметтанушыларымен бірлесіп әзірледі. Сауалнама құрылымы өзгермейді: құжатталған нақты жағдайлар анкета сұрақтарына айналдырылған. Зерттеу ТМД-ның төрт елінде — Беларусь, Молдова, Қазақстан және Қырғызстанда жүргізілуде.

Сауалнамаға қатысу он минуттан аспайды. Ынтымақтастығыңызға сенім артамыз.

ЗЕРТТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ (сұрақтар орыс және қазақ тілдерінде):

https://survey5.opinion.team/02/r061222kz/cgi-bin/ciwweb.pl?studyname=r061222kz&id=VALUE

«Азаматтық ынтымақтастық» платформасы, ҚАҚХБ, Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы