2017 жылғы 22 мамырға Алматы облысының Алакөл аудандық сотында Алакөл аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бастығы Талғат Нұрпейісовке және осы бөлімнің жедел уәкілдері Руслан Бәзекенов пен Айдын Тұрсынхановқа қатысты алдын ала тыңдау тағайындалды. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтары (адамдар тобы жасаған азаптау) және 414-бабының 1-бөлігі (көрінеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) бойынша айып тағылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті аяқтаған.
Тұрысбековтің адвокаты Юлия Малюкова мен іске құқықтық қолдау көрсетіп жүрген Қазақстанның Азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясының қатысушылары адам құқықтары бұзылған жәбірленушілердің сот төрелігіне қол жеткізуінің маңызын атап өтті. Іс сотта объективті әрі әділ қаралуға тиіс. Бұған дейін Алакөл аудандық сотында күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын қарау кезінде осы ауданда тұратын полицейлердің туыстары мен таныстары арасындағы агрессивті көңіл күйдегі тыңдаушылар жанжал шығарып, алып жүруші конвойға шабуыл жасаған.
Олжас Тұрысбековтің ісі қоғамда үлкен резонанс туғызғандықтан, сот процесі ұзақ әрі күрделі болуы мүмкін. Айыпталушылардың туыстары, таныстары мен әріптестерінің ұстанымын ескергенде, істі Алматы облысының Алакөл аудандық сотында қарау процеске қатысушылардың бәрі үшін қауіпсіз емес. Осыған байланысты қорғау тарапы қылмыстық істі облыс орталығы – Талдықорған қаласына беруді талап етеді.
Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға қатысушы мемлекет ретінде азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың барлық түріне жол бермеуге және оларды тыйым салуға, осындай әрекеттер туралы сенуге тұрарлық барлық мәлімдемені тиімді тергеуге, кінәлілерді жауапқа тартуға және жәбірленушілерге тиісті өтем беруге міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Виктор Тен, Қазақстанның Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының қатысушысы, Талдықорған құқық қорғау орталығының жетекшісі: + 7 777 2113910
Юлия Малюкова, О. Тұрысбековтің адвокаты: + 7 771 226 2636
Толығырақ:
«Адам жерде жатқан» (https://bureau.kz/novosti/sobstvennaya_informaciya/lejal_chelovek_na_zemle/),
«Оқиға Бақалыда болған» (https://bureau.kz/novosti/sobstvennaya_informaciya/delo_bylo_v_bakaly/),
«Ауыл үстіндегі үрей» (https://bureau.kz/novosti/sobstvennaya_informaciya/strakh_nad_aulom/)

