Құқық қорғау органдары қызметкерлері күдіктілерге қатысты азаптаудың 90 пайызын оларды ұстау кезеңінде жасайды, деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов. Бұл туралы ҚазТАГ-қа сілтеме жасаған «DKNews» хабарлайды.
«Соңғы бес жылда Қазақстанда азаптағаны үшін небәрі 155 құқық қорғау қызметкері сотталды. Мұндай әрекеттердің 90 пайызы жеткізу және ұстау кезеңіне, қалған 10 пайызы қылмыстық-атқару жүйесіне тиесілі», — деді М. Ахметжанов сейсенбі күні Қазақстандағы азаптаудың алдын алуға арналған форумда.
Оның айтуынша, азаптау қылмыстарының, әсіресе түрмелердегі істердің аз ашылуы мемлекеттік мәжбүрлеу институттарының жетілдірілмеуімен байланысты.
«Қылмыстық қудалаудың бастапқы кезеңінде іс жүзінде процестік кепілдіктер жоқ. Ең алдымен түзеу мекемелерінің жабықтығы мен ашықтықтың жетіспеуі, тергеудің төмен тиімділігі Ұлттық алдын алу тетігіне (ҰАТ) сүйенуге мәжбүрлейді. 2013 жылдан бері қысқа уақыт ішінде ҰАТ қоғамнан оқшаулау орындарында азаптаудан қорғалу құқығын қоғамдық бақылаудың тиімді құралына айналды», — деп қосты М. Ахметжанов.
ДЕРЕККӨЗ:
dknews.kz
http://dknews.kz/economics/22-legislation/20896-v-90-sluchaev-politsejskie-primenyayut-pytki-k-podozrevaemym-na-stadii-zaderzhaniya-genprokuratura-rk.html

