Жарияланымдар

БҚО-да бала кезінен I топ мүгедектігі бар 17 жастағы жасөспірімге қатысты азаптау ісі қозғалды

1 мин чтения

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағы — «Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған азаптау» бойынша қозғалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «УН» тілшісі.

— Хизреева ханымның шағымы бойынша Орал қалалық ІІБ полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, — дейді БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз хатшысы Жанар Қарасаева. — Шағым осы жылдың 13 қыркүйегінде түсті, содан кейін материал БҚО ІІД-не жіберілді. Іс біздің ведомствоның өндірісіне 5 қазаннан бері алынған. Бұл іс бойынша нақты айыпталушылар жоқ, бұлтартпау шарасы таңдалмаған.

Еске салайық, Оралда қатыгез кісі өлтірді деген күдікпен бала кезінен I топ мүгедектігі бар 17 жастағы жасөспірім қамауға алынған. Жасөспірімнің анасы оның түрмеде азапталғанын және негізсіз қамауға алынғанын мәлімдеді.

ДЕРЕККӨЗ:
«Уральская неделя» газеті
http://www.uralskweek.kz/2017/10/13/antikorrupcionnoe-vedomstvo-po-zko-vozbudilo-ugolovnoe-delo-po-faktam-pytok-v-otnoshenii-17-letnego-invalida/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы