Жарияланымдар

Елордада есірткі сақтады деген күдіктіні азаптаған полицей сотталды

1 мин чтения

Елордадағы «Есіл» аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі гашиш сақтады деген күдіктіні азаптағаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

2018 жылғы мамырда полицейлер құрылысшыны ұстаған. Оны полицияға жеткізу үшін Toyota Camry көлігінің артқы орындығына отырғызған. Жедел уәкіл есірткіні кім сатқанын білгісі келген. Полицей күдіктіні балағаттап, он жылға түрмеге қамаймын деп қорқытқан және желкесінен алақанымен жеті рет ұрған.

Полицейдің кінәсі ұстау кезіндегі бейне және аудиожазбаларды қарау нәтижесінде дәлелденді.

ҚР «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңының 15-бабына сәйкес, полицейлерге азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектейтін күш көрсетуге, қорқытуға, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттерге тыйым салынады.

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» аудандық соты полиция қызметкерін Қылмыстық кодекстің 146-бабы 1-бөлігі («Азаптау») бойынша кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және полиция аға лейтенанты атағынан айырды.

«Апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды, адвокаттың шағымын қанағаттандырмады», — деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

2018 жылғы маусымда ұсталған құрылысшы үш жылға сотталған. Ол жалпы салмағы 360 грамм болатын төрт пакет гашишті заңсыз сатып алып, сақтағанын мойындаған.

ДЕРЕККӨЗ: https://informburo.kz/novosti/v-nur-sultane-policeyskogo-osudili-za-pytki-podozrevaemogo-v-hranenii-narkotikov.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы