Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында жарияланған жазбада Ақтөбе мектебінің оқушысы соққыға жығылғаны айтылған, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі. Жазбаға мойнында сырылған іздері бар адамның фотосуреті тіркелген.

«Бұл суретті оқушылар түсірген. Ақпарат рас», — деп жазған автор. Оның айтуынша, 22 қыркүйекте Ақтөбедегі орта мектепте кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор мектеп формасын кимеген оқушыны ұрған. Оқиға мектеп дәретханасында болғаны, «инспектор жасөспірімді ішке қамап, электрошокер қолданғаны» айтылған. «Ата-анасы директорға барған, ал ол бұған жауапты емес екенін айтқан!» — делінген хабарламада. Оқушының ата-анасы прокуратураға арызданғаны да көрсетілген. «NewTimes.kz» редакциясы Ақтөбе облысының білім басқармасынан түсініктеме сұраған. Басқарма жақын арада ақпарат беруге уәде етті.
