Кіші сержанттар Ахметғалиев пен Серденов «Пара алу және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» баптары бойынша сотқа тартылды.
Сот материалдарына сәйкес, кіші сержанттар орталық базар маңында көліктерді тоқтатып, хаттама толтырмай, жүргізушілерден 1000–2000 теңгеден ақша алған. Барлығы Ахметғалиев 5000 теңге, ал Серденов 1000 теңге алған.
30 сәуірде Ахметғалиев хаттама жасау үшін Демеуов есімді азаматты полицияның тірек пунктіне жеткізіп, ұрып-соққан. Жәбірленуші жарақат пунктіне барып, оған кеуде қуысының соғылуы диагнозы қойылған, кейін полицияға шағымданған.
«23 жастағы Марат Ахметғалиев «Пара алу» және «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» баптары бойынша кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі колонияда бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған мүлкін тәркілеу және 350 мың теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды. 26 жастағы Айбек Серденов ҚК-нің 366-бабы («Пара алу») бойынша сотталып, мүлкі тәркіленіп, 70 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді», — деп хабарлады сот.
Екі сотталған да мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Полицияда олар бір жылдан аз уақыт жұмыс істеген.
ДЕРЕККӨЗ:
http://www.uralskweek.kz/2017/09/25/v-uralske-dvux-policejskix-osudili-za-vzyatku-i-izbienie-video/

