Павлодар қаласының прокуратурасы бас бостандығын шектеу түріндегі жеңіл үкімге түсініктеме берді. Екі полиция қызметкері қатысқан жаппай төбелес бір жыл бұрын, 22 қазанда сауда үйінің жанында болған. Хабарланғандай, полицейлер тергеу анықтай алмаған басқа адамдармен бірге үш ер адам мен бір әйелді еш себепсіз ұрған. «Полицияның аға сержанты мен сержанты, сондай-ақ тергеу барысында анықталмаған адамдар сауда үйлерінің бірінің жанында үш ер адам мен бір әйелді негізсіз соққыға жыққан. Төбелес кезінде тәртіп сақшыларының бірі жәбірленушінің басынан бейсбол таяғымен ұрса, екіншісі асүй пышағымен басқа жәбірленушінің сол жақ санына, кеудесіне, шүйдесіне және қолына өтпейтін төрт жарақат салған», — делінген іс материалдарында. Сотта мемлекеттік айыптаушы полицейлерді бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. «Алайда Павлодар қаласының №2 сотының судьясы сотталушыларды атақтарынан айырып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады», — деп түсіндірді қалалық прокуратура.
ДЕРЕККӨЗ:
Informburo.kz
https://informburo.kz/novosti/za-izbienie-chetyryoh-chelovek-pavlodarskih-policeyskih-nakazali-ogranicheniem-svobody.html

