Жарияланымдар

Қаңтар оқиғалары: азаптау фактілері бойынша 329 қылмыстық іс қозғалды

1 мин чтения

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының өткен жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қадағалау органының басшысы бейберекеттік жағдайында күштік құрылымдардың жекелеген қызметкерлері ұсталғандарға қатыгездік көрсеткенін атап өтті.

«Мұны еш нәрсемен ақтауға болмайды. Президент тапсырғандай, азаптау қолданған адамдар атағы мен лауазымына қарамастан лайықты жазасын алады. Азаматтардың азаптау туралы арыздары бойынша барлығы 329 қылмыстық іс қозғалды. Олардың басым бөлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде болды», – деп хабарлады Асылов.

Арнайы прокурорлар полиция мен ҰҚК-нің 34 қызметкеріне қатысты қылмыстық істерді тергеді.

«Алматы облысындағы полиция ғимаратында 24 адамды азаптау туралы істер сотқа жолданды. Сондай-ақ Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында және Бостандық аудандық полиция бөлімі ғимаратында азапталған үш азаматқа (Радченко, Бекжанов, Анафияев) қатысты істер де жолданды», – деді Бас прокурор.

Сонымен қатар азаптау салдарынан үш адамның қаза табуы бойынша тергеу аяқталды: Талдықорғанда — Мұқашев, Алматыда — Өтепбаев, Семейде — Жотабаев. Қатысушылар іс материалдарымен танысқан соң, олар сотқа жіберіледі.

ДЕРЕККӨЗ:

Интернет-басылым Azattyq Ruhy

https://rus.azattyq-ruhy.kz/society/45347-ianvarskie-sobytiia-329-ugolovnykh-del-vozbudili-po-faktu-pytok

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы