Қазақстанда екі жыл ішінде азаптау үшін 40-қа жуық адам сотталды, деп хабарлайды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.
«Егер 2019 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы (азаптау) бойынша сотталғандар саны 24 адам болса, 2020 жылы осы бап бойынша 13 адам сотталды», — делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.
Сондай-ақ омбудсмен аппаратының мәліметінше, 2020 жылы 362-баптың 4-бөлігі (зорлық-зомбылық немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы билікті не лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша 41 лауазымды тұлға сотталған, ал 2019 жылы олардың саны 38 болған.
ДЕРЕККӨЗ:
https://kaztag.kz/ru/news/okolo-40-chelovek-osudili-za-dva-goda-v-kazakhstane-za-pytki

