Жарияланымдар

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы үйлестірушісіне төнген қоқан-лоққы туралы мәлімдеме

1 мин чтения

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы Қордай ауданындағы жағдайға байланысты Бас прокуратураға үндеу жариялағаннан кейін, үндеу мәтінінде орындаушы ретінде көрсетілген ҚМБПЧ заңгері Анна Солодованың ұялы телефонына қоқан-лоққы сипатындағы қоңыраулар түсе бастаған. Қоңырау шалғандар Коалицияның үндеуін айыпталушыларды ұлттық белгісі бойынша қолдау деп қабылдаған.

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы мен ҚМБПЧ бұрын да, қазір де зардап шеккендерді ұлтына, дініне, саяси көзқарасына, әлеуметтік мәртебесіне немесе кәсібіне бөліп-жармай, азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың кез келген түріне қарсы екенін мәлімдейді. Адам құқықтары жөніндегі бюро мен Коалицияның бүкіл қызмет тарихы осыны дәлелдейді. Қордай ауданындағы қайғылы оқиғалардың салдарына байланысты біз екі тарапқа да азаптау мен өзге де заң бұзушылықтарды қолдануға жол берілмейтінін бұрын да айттық, қазір де мәлімдейміз.

Коалицияны үйлестіруші ұйым — ҚМБПЧ қызметкеріне төнген қоқан-лоққыларға байланысты құқық қорғау органдарына арызбен жүгінбекпіз және Бас прокуратурадан құқық қорғаушыларға бағытталған мұндай әрекеттерге жауап беруді талап етеміз.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАПТАУҒА ҚАРСЫ ҮЕҰ КОАЛИЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БЮРОСЫ

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы