Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага антифашист Виктор Филинковтің құқықтары бұзылғанына байланысты Ресей Бас прокуратурасына өтініш жолдады. Бұл туралы Facebook желісінде адвокат Виталий Черкасов жазды. «Осы өтінішті қарауды ұйымдастырып, нәтижесін арыз иесіне және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлауды сұраймыз», — делінген құжатта. Черкасов еске салғандай, бұған дейін Ресей прокуратурасы Филинковке жасалған азаптауды тексеруден бас тартқан және арызды антифашист өзін азаптады деп айыптаған қызметкерлер жұмыс істейтін Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФҚҚ) жолдаған. «Ресей прокурорларының жауабын күтеміз. Ресей аумағында заңдылықты қалпына келтіруге көмектескен Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросына алғыс айтамыз», — деді адвокат. Филинков қаңтар айында Санкт-Петербургте Пулково әуежайына бара жатқан жолда ұсталған. Санкт-Петербургтің Дзержинский аудандық соты антифашисті террористік қоғамдастыққа қатысу күдігімен екі айға қамауға алды (ҚК 205.4-бабының 2-бөлігі). Филинков ФҚҚ қызметкерлері өзін бірнеше сағат бойы ұрып, электрошокермен азаптағанын айтып берген. Оның сөзінше, өзін азаптаған ФҚҚ қызметкері кейін тергеу изоляторына келіп, кешірім сұраған. Кейін белсенді мына жайтты хабарлаған: Филинков дене жарақатын алғаннан кейін 27-күні Тергеу комитеті тексеруді бастаған.
ДЕРЕККӨЗ:
https://zona.media/news/2018/02/23/filinkov