Жарияланымдар

Құқық қорғаушылар прокуратураны азаптау туралы шағымдар бойынша есеп беруге шақырады

1 мин чтения

Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушылары хабарлаған азаптау және қатыгез қарым-қатынас фактілерін тергеу туралы Бас прокуратураның арнайы жария есебін енгізу қажет. Мұндай ұсыным 2017 жылғы түрмелерге алдын алу мақсатындағы сапарлардың қорытындысы бойынша жасалған жиынтық баяндамада берілген. Баяндаманың таныстырылымы бүгін Астанада «Ұлттық құқық қорғау институттары мен ҰАТ-тың бірлескен күшімен азаптаудың алдын алу» атты екі күндік форум аясында өтеді деп жоспарланған.

Өткен жылдың қорытындысы жөніндегі жиынтық баяндамаға сәйкес, ҰАТ мүшелерінің мамандандырылған сапарлары жылына 15-тен 24-ке дейін өскен, алайда азаптау мен қатыгез қарым-қатынас туралы шағымдар саны азаймаған. ҰАТ белсенділері барлық шағымдарды Бас прокуратураға жолдайды, бірақ олардың қаралу нәтижесі мен қабылданған шаралар туралы ақпарат ала алмай отыр.

Сотталғандардың туыстары темір тордың ар жағындағы жақындарының жағдайы мен қажеттіліктері туралы мәліметке жиі қол жеткізе алмайды. Баяндамада айтылғандай, «азаптау, қатыгез қарым-қатынас пен жазалау қаупі тұрғысынан ең осал әрі сезімтал салалар — тексеру, тінту, этаппен тасымалдау, ауызсуға қол жеткізу және тиісті санитариялық жағдай».

ДЕРЕККӨЗ:
https://rus.azattyq.org/a/29193023.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы