Қырғызстандағы «Азаптауға қарсы коалиция» Қазақстан азаматы Мұратбек Тұңғышбаевтың тұтқындалуына және Бас прокуратураның оны Қазақстанға экстрадициялауға ішінара келісім беруіне алаңдаушылық білдірді.
Ұйым таратқан мәлімдемесінде Қазақстанда «адамгершілікке жатпайтын және қатыгез» азаптау әрекеттері туралы мәліметі бар екенін атап өтті.
«Мұндай жағдайда қауіпсіздік кепілдіктері мен олардың орындалуын қамтамасыз ететін нақты тетіктер болмағандықтан, Қырғыз Республикасы адамды беру, елден шығару немесе мәжбүрлеп қайтару (refoulement) арқылы азаптауға абсолютті халықаралық тыйымды бұзу қаупіне ұшырайды. Бұл қағидатты орындау кезінде ұлттық қауіпсіздік немесе адамның күдікке не айыпқа ілінген іс-әрекетінің сипаты туралы уәждерге ермеу маңызды», — деп санайды коалиция.
Ұйым Қырғызстан Жоғарғы сотын «өткен қателіктерді қайталамай», қабылданған шешімдерді қайта қарауға шақырады.
13 маусымда Жоғарғы сот шешім қабылдап қазақстандық оппозициялық белсенді әрі блогер Мұратбек Тұңғышбаевты қамауда қалдырды.
ДЕРЕККӨЗ:
https://rus.azattyk.org/a/29288208.html

