Жарияланымдар

ШҚО-да пациенттерді күштеп ұстады делінген оңалту орталығының басшылары сот алдында жауап беруде

1 мин чтения

Глубокое ауданында есірткіге және алкогольге тәуелді адамдарды оңалтуға арналған «Шаг к жизни» орталығының басшылары мен қызметкерлеріне қатысты сот басталды. Оларға заңсыз бас бостандығынан айыру айыбы тағылған, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Еске салайық, көктемнің соңында Черемшанкада «Шаг к жизни» оңалту орталығына байланысты дау туған еді. Мекемеде болған үш адам құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, өздерін орталықта еркінен тыс ұстағанын мәлімдеген. Орталық басшылары қамауға алынып, сәл кейінірек оның екі кеңесшісі де ұсталды. Ал күдіктілер қамқорлығындағы адамдарға жақсы қарағандарын айтады.

Жуырда қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді. Төрт күдікті заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша сот алдында жауап береді.

Дереккөз:
http://www.zakon.kz/4824828-v-vko-sudjat-rukovoditelejj.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы