Жарияланымдар

Түркістан облысында ер адамды қорлаған полицей жұмыстан шығарылды

1 мин чтения

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жанжалды бейнежазбаға түскен полиция қызметкерінің ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылғанын хабарлады,деп жазады Zakon.kz. Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған, Түркістан облысы полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттері бейнеленген видеоға байланысты бұл дерек Шардара аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тіркелгені хабарланған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Өз кезегінде облыстық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Тәртіптік комиссияның шешімімен Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды. Қызметкердің заңға қайшы әрекетіне қызғаныш себеп болғаны анықталды», — деді полиция өкілдері.

Кадрларда Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің патрульдік полиция взводының командирі ер адамды шашынан ұстап, балағаттап, кейін оған түкіргені көрсетілген. ДЕРЕККӨЗ: https://www.zakon.kz/4949913-uvolen-politseyskiy-izdevavshiysya-nad.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы