Жарияланымдар

Жанболат Мамайдың мәлімдемесі

1 мин чтения

Белгілі болғандай, мен Алматының тергеу изоляторында жарты жылдан бері отырмын. Осы уақыт ішінде маған қатысты ешқандай қоқан-лоқы немесе зорлық-зомбылық жасалған жоқ.

Алайда кеше маған шабуыл дайындалып жатқаны туралы хабар келді. Маған «Мамай жақында YouTube желісіндегі бір бейне үшін денесімен жауап береді» деген сөзді тікелей жеткізді. Мұның кімнен келгенін сұрағанда, өздері де қамауда отырған «Дикий Арман» — Арман Жұмагелдиевтен екенін айтқан.

Шынында да, мен оны өз сөздерімнің бірінде сынағанмын. Меніңше, бұл хабарламаның артында маған қастандық жасауды әзірлеп жатқан арнайы қызметтер тұруы мүмкін. Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіру оқиғасын еске түсіріңіздер: оның атын да атамаған бір ғана сөзі үшін тапсырыс беруші ретінде зиянсыз Өтембаев көрсетілген еді.

Билік маған қастандық жасап, кейін бар кінәні қылмыс әлемінің беделді өкіліне артып қоюды ұйғарған болуы мүмкін. Маған жолданған хабарламаға қатысты менің болжамым осындай.

Маған жасалатын кез келген шабуылдың артында Қазақстанның арнайы қызметтері мен билігі тұрады деп ашық мәлімдеймін. Түрмеде ешкіммен жанжалдасқан емеспін, қазір де ешқандай жанжалым жоқ.

Құқық қорғаушылардан, журналистерден, дипломаттардан және барлық мүдделі адамдардан менің жағдайыма назар аударуды сұраймын.

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы