Жарияланымдар

Азаптау үшін сотталған колонияның екі қызметкері бостандыққа шықты

2 мин чтения

Облыстық сот олар бостандықта түзеле алады деп шешті. Бұл туралы «Диапазон» басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, сол жылдың тамызында қылмыстық істер жөніндегі сот қоныс колониясының бақылаушылар бөлімінің бастығы Дәулет Баймановты сотталған адамды азаптағаны үшін үш жыл алты айға бас бостандығынан айырған. Баймановқа азаптау қолдануға көмектескен оның қарамағындағы Ғұмар Ержанов пен Дамир Сухашев үш жылдан бас бостандығынан айырылған. Сотталған қызметкерлер үкімге апелляциялық шағым берді. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Сухашев пен Ержановтың жазасын жеңілдетіп, нақты бас бостандығынан айыруды шартты жазаға ауыстырды. Облыстық сот екеуінің қылмыстағы рөлі қосалқы болғанын және Ержановтың қылмыстық-атқару жүйесінде бар болғаны сегіз ай жұмыс істегенін ескерді. Екеуі де жас әрі жақсы мінездемеге ие. Ал Баймановтың жалпы режимдегі колонияда үш жыл алты ай жазасын өтеу жөніндегі үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Еске салайық, Сұлтанбек Нұржанов жаза мерзімінің қалған бөлігін Ақтөбедегі қоныс колониясында өтеген. Ол сол жерден қашып шығып, прокуратураға колония қызметкерлеріне шағымданған. Шағымнан кейін қызметкерлерге қатысты іс қозғалып, Сухашев, Ержанов пен Байманов «Азаптау» бабы бойынша сотталды. Айыптау материалдарына сәйкес, Байманов Нұржановтың ескертуіне дөрекі жауап беріп, оны колонияның бір бөлмесіне апарып, басын қабырғаға ұрған. Қорлау жалғасқан: сотталған адамның қолдарын көрші камералардың есіктеріне кісендеп бекітіп, есіктерді ашып-жабу арқылы ауыртқан. Байманов Нұржановтың кеудесі мен ішінен ұрып, режимді бұзғанын мойындайтын түсініктеме және Баймановқа шағымы жоқ екені туралы жазба жазуға мәжбүрлеген. Ержанов пен Ғұмаров қорлауды тоқтатуға тырыспаған: біріншісі сотталған адам кісенделген есікті ұстап тұрған, екіншісі Баймановқа ауызға тығатын мата мен кісен берген. Қорлаудан кейін Нұржанов дәретханаға баруға рұқсат сұрап, қашып кеткен. Сотта үшеуі де кінәсін мойындамаған, ал туыстары Нұржанов қашуын ақтау үшін оларға жала жапты деп есептеген.

ДЕРЕККӨЗ:
http://www.diapazon.kz/aktobe/aktobe-crime/96252-dvoih-sotrudnikov-kolonii-osuzhdjonnyh-za-pytki-vypustili-na-svobodu.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы