Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель елдегі түзеу мекемелерінде сотталғандардың саппен жүруіне және саптық дайындыққа қатысуына тыйым салуды ұсынды.
Түрме реформасының IV форумында Иоган Меркель сотталғандардың құқықтарын қорғауға арналған 40 шараны таныстырды.
«Біз сотталғандардың тәрбие жұмысына қатысуына, басқа сотталғандарға ішкі тәртіп ережелерін түсіндіруіне тыйым салуды ұсынамыз. Құқық қорғаушылармен келісіп, саппен жүруге, саптық дайындыққа және Қылмыстық әрі Қылмыстық-атқару кодекстерінде көзделмеген тәрбие ықпалының барлық өзге шараларына тыйым салуды ұсынамыз», — деді Меркель баяндамасында.
Сотталғандардың құқықтарын қорғау шараларының қатарына ҚАЖК органдарында азаптауға қарсы жүйелі күрес те енді. «Біз Стамбұл хаттамасы негізінде отандық заңнамаға бейімделген азаптауды тергеудің жеке әдістемесін әзірлеуді ұсынамыз.
ІІМ үшін азаптау туралы арыздар кісі өлтіру, зорлау және өзге қылмыстар сияқты басым тәртіппен қаралуы керек екенін белгілеу қажет», — деді Бас прокурордың орынбасары.
ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов түрме жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының қызметкерлерін жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін ІІМ-ге жіберуді ұсынды. Азаптау құрбандарын оңалтуға қатысты Меркель қазақстандық соттардың БҰҰ рәсімдеріне ұқсас тәртіппен азаптау туралы шағымдарды өздері қарай алуы үшін заңнаманы өзгерту қажеттігін атап өтті.
«Осы 40 шарада қолданылған етістіктер өте орынды. Жай ғана «жетілдіру», «жандандыру», «ықпал ету» емес. Бұл жоспарды шынымен іске асырсақ, жағдай сөзсіз өзгереді», — деді баяндаманы тыңдаған Бас прокурор Жақып Асанов.
ДЕРЕККӨЗ:
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/zapretit-osujdennyim-hodbu-marshem-predlojila-genprokuratura-312863/

