Жарияланымдар

Бас прокурордың көмекшісі: Қазақстанда азаптау істерінің көбі тоқтатылады

1 мин чтения

Соңғы екі жылда Қазақстанның арнайы прокурорлары азаптауға қатысты 629 істі тергеп, оның 412-сі «ақтау негіздері бойынша тоқтатылғанын» Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің көмекшісі Нұрлан Әгібаев бүгін Астанада азаптауды тиімді тергеу және құжаттау жөніндегі конференцияда айтты. Оның сөзінше, ақтау негіздері бойынша тоқтатылған істер үлесінің жоғары болуы Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа моделіне көшумен және арыздардың кеш берілуімен байланысты. Кейбірі сот талқылауы кезінде немесе жаза өтелгеннен кейін, дәлелдемелер жоғалып кеткенде ғана түседі. Сондай-ақ ол полиция қызметкерлеріне қатысты кейбір арыздар жалған болып, күдіктілер не сотталушылар жауапкершіліктен жалтаруға тырысатынын атап өтті. «Қадір-қасиет» қоғамдық ұйымының адамның қадір-қасиетін құрметтеу және азаптаудан азат болу құқығының сақталуына жүргізген мониторинг есебінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері келтірілген: өткен жылы азаптау туралы 78 хабарлама, ал биылғы тоғыз айда 100 хабарлама тіркелген. Биыл «Азаптау» бабы бойынша 11 айыптау және бір ақтау үкімі шығарылған. Сотталғандардың көбі — полиция қызметкерлері. Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Алан Тленчиевтің айтуынша, азаптау көбіне адам ұсталған сәттен бастап уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанға дейінгі кезеңде жасалады. ДЕРЕККӨЗ:
https://rus.azattyq.org/a/28867757.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы