29 жастағы Николай Кривенко 2017 жылғы 15 наурызда Астанадағы медициналық-әлеуметтік оңалту орталығында соққыдан қайтыс болды.
26 маусым — Азаптау құрбандарын қолдаудың халықаралық күні. Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы азаптау салдарынан жақындарынан айырылған жандарға, сондай-ақ азаптау туралы арыздарының тиімді тергелуіне қол жеткізе алмай өмірден өткен адамдардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады. Коалиция Қазақстан үкіметін азаптау жөніндегі барлық арыздар мен бас бостандығынан айыру орындарындағы өлім фактілерін тергеудің тәуелсіз әрі тиімді тетігін мүмкіндігінше тезірек енгізуге шақырады. #notorture #26June #пыткамнет #26июня
29 жастағы Николай Кривенко 2017 жылғы 15 наурызда Астанадағы медициналық-әлеуметтік оңалту орталығында алған соққылардан көз жұмды. Бейнежазбалардың болуына қарамастан, қылмыс жасады деген күдікпен тек Астана қалалық ІІД жол-патрульдік полиция полкінің қызметкері Б. Қ. Мұрзабеков қамауға алынған, ал орталық қызметкерлері бостандықта жүрген. Марқұмның ағасы Романның айтуынша, сол түні Николай дүкенге шыққан. Оны полиция тоқтатып, Обаған көшесіндегі полиция тірек пунктіне апарған. Одан наркологиялық орталыққа медициналық куәландыруға жеткізген. Сол жерде жігіт соққыға жығылған. Полиция нұсқасына сәйкес, ол алкогольдік масаң күйде фельдшерді ұрғандықтан, оған күш қолданылған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция қызметкеріне қатысты «Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы Николай Кривенконың жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Коалиция Қазақстан үкіметінен Николай Кривенконың өліміне кінәлі барлық адамдарды жауапқа тартуды талап етеді.


