Қызмет

Еске алу: Жаслан Арғымбаев

2 мин чтения
Жаслан Аргимбаев
Жаслан Аргимбаев

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері салдарынан қаза тапқан азаптау құрбандарының оқиғаларын жариялауды жалғастырып отыр. Бұл акция 26 маусымда аталып өтетін Азаптау құрбандарын қолдаудың халықаралық күніне арналған.

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы азаптау салдарынан жақындарынан айырылғандардың барлығына және арыздары тиімді тергелмей, әділдікке қол жеткізе алмай көз жұмған адамдардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады. Коалиция Қазақстан үкіметін азаптау туралы барлық арыздар мен бас бостандығынан айыру орындарындағы өлім фактілерін тергеудің тәуелсіз әрі тиімді тетігін мүмкіндігінше тезірек енгізуге шақырады. #notorture #26June #пыткамнет #26июня

Жаслан Арғымбаев

Жаслан Арғымбаев 2015 жылғы 20 қазанда Петропавлда ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынған. Арғымбаев қамауға алынған күннен бастап полиция қызметкерлері тарапынан қорлық көргенін хабарлаған. Өз арызында Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері «басына хлоры бар полиэтилен пакет кигізгенін», ұрып-соққанын және зорлаймыз деп қорқытқанын жазған. Сонымен бірге қорлық көрсеткен адамдардың барлығының аты-жөнін атаған. 2016 жылғы 14 сәуірде, болжамды ұрлық ісі бойынша сот басталуына үш күн қалғанда, Арғымбаев 164/1 түзеу мекемесінен өлі табылды. Түрме әкімшілігі айыпталушы өз-өзіне қол жұмсаған деп есептейді. Жасланның анасы Ғалия Арғымбаеваның айтуынша, ұлы полиция қызметкерлерінің қысымына шағымданып, сотқа дейін тірі қалдырмайтынын айтқан. 2016 жылы Арғымбаевтың өліміне байланысты түрме қызметкерлеріне қатысты «Салғырттық» бабы бойынша бірнеше рет қылмыстық іс қозғалғанымен, бірде-бірі сотқа жетпеген. Адвокатқа болған жағдайды шын мәнінде айтып бергісі келген Арғымбаевтың камераластарына жолығуға да мүмкіндік берілмеген. Осы уақытқа дейін оның өлімінің себептері анықталмаған, қазаға байланысты ешкім жазаланбаған.

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы жақынын жоғалтқан Жаслан Арғымбаевтың анасы Ғалия Арғымбаеваға және оның барлық туыстарына көңіл айтады.

Коалиция Қазақстан үкіметінен азаптау фактілерін тергеуді және Жаслан Арғымбаевтың өліміне кінәлі барлық адамдарды жауапқа тартуды талап етеді.

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы