Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарған кезде ол пара алды деген күдікке ілінген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлері тергеудің тыйым салынған әдістерін қолданды деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 2017–2018 жылдары жедел-тергеу тобы жүргізген іс кейін қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Іс бойынша күдікті болған Л. Ю. Пак 2019 жылғы 6 шілдеде қайтыс болды. 2020 жылғы 7 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп танып, Лариса Пакты толық ақтады. Агенттік таратылған Ұлттық бюроның құқықтық мирасқоры ретінде Лариса Юн-Боевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтып, келтірілген зиян үшін ресми түрде кешірім сұрады. Тергеу жалғасуда, оның мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді. 2017 жылғы шілдеде жемқорлыққа қарсы қызмет Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пак пен тағы бірнеше адамды жалпы сомасы 10 млн теңгеден асатын параны бірнеше рет алды және фармацевтикалық компаниялардың мүддесін қолдады деген күдікпен ұстаған. Сот оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол тергеу изоляторында төрт ай отырған.
ДЕРЕККӨЗ:
Inbusiness.kz
https://inbusiness.kz/ru/last/vozbuzhdeno-delo-o-pytkah-larisy-pak

