Жарияланымдар

Қарағанды облысындағы колонияда сотталған адамды азаптады деген күдікпен екі адам қамауға алынды

Қарағанды облысындағы АК 159/7 түзеу колониясының қызметкері Виталий Зарецкий мен сотталған Кирбаев тік ішектің жарылуы салдарынан қайтыс болған сотталған адамды азаптауға айдап са

2 мин чтения

Қарағанды облысындағы АК 159/7 түзеу колониясының қызметкері Виталий Зарецкий мен сотталған Кирбаев тік ішектің жарылуы салдарынан қайтыс болған сотталған адамды азаптауға айдап салды және тікелей азаптады деген күдікпен Қарағанды сотының шешімі бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды Today.kz.

Қарағандының Қазыбек би аудандық № 1 сотының хабарлауынша, Зарецкийге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«ҚР ҚК 146-бабының 3-бөлігінде көзделген „Азаптау“ қылмысын жасады деген күдік бойынша 12 қазанда екі ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы тергеушісінің өтінішхаты қанағаттандырылды», — деп хабарлады Қазыбек би аудандық соты.

Сотталған Тимур Кирбаев әлдеқайда ертерек қамауға алынған.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаза тапқан сотталған В. Чупин колония ішіндегі мектепте оның тегін байқамай бұрмалап айтқан мұғалім әйелге дөрекі жауап берген. Мұғалім бұл туралы мектеп директорына хабарлаған. Ал директор колония бастығы міндетін атқарушы Б. Шатаевтың туған әпкесі болғандықтан, жиеніне сотталған адамның тәртібі туралы жеткізген.

Тергеу нұсқасы бойынша, колонияның жедел уәкілі Чупинді № 4 жасақтан № 2 жасаққа ауыстыруға бұйрық берген. Бұл жасақта сотталған Тимур Кирбаев аға болған. Тергеудің мәліметінше, Кирбаев жедел уәкілден Чупинді жазалау жөнінде ауызша нұсқау алған. 11 наурызда екеуі бір уақытта есіктен өтпек болған кезде жанжал шығарып, Кирбаев Чупинді қосалқы бөлмеге алып кеткен де, оны азғындаған түрде азаптаған. Сегіз күннен кейін, 19 наурызда, Чупин тік ішегінің жарылуынан және қан кетуден қайтыс болды.

«Алдымен Кирбаев ұсталды. Ол Чупин мектепте тәртіп бұзғаны үшін оны жазалауға колония бастығының міндетін атқарушы Шатаев нұсқау бергенін мәлімдеді. Бұл айғақтар іс материалдарына тіркелді. Ал өткен бейсенбіде, 12 қазанда, сот санкциясымен күйеуім Виталий Зарецкий қамауға алынды. Яғни жарты жылдан соң тергеу сотталған адамды жазалау туралы заңсыз нұсқауды дәл күйеуім берген деген тұжырымға келген. Бірақ ол екінші жасақтың жетекшісі болмаған және қызметтік міндеттері бойынша оған қандай да бір бұйрық бере алмаған», — дейді қамауға алынған азаматтың жұбайы Юлия.

Сонымен бірге колония бастығының міндетін атқарушы Б. Шатаев мекемедегі бақылау мен тәртіптің болмауы, соның салдарынан азаптау мен адам өліміне жол берілуі үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметі төмендетілді.

Тергеу Чупинді азаптауға, өз нұсқасы бойынша, Кирбаевқа көмектескен тағы үш сотталған адамды анықтады. Олар «күдікті» деген жаңа мәртебемен колониядан тергеу изоляторына ауыстырылды.

Тергеу аяқталуға жақын, содан кейін қылмыстық іс сотқа жолданады.

Аделя Васильева

ДЕРЕККӨЗ:
today.kz
http://today.kz/news/kriminalnyie-novosti/2017-10-15/752371-dva-cheloveka-arestovanyi-v-kolonii-karagandinskoj-oblasti-za-pyitki-arestanta/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы