1968 жылы туған ер адам соққыға жығылып, тұншықтырылған.
Қарағанды тұрғыны тергеу изоляторының камерасында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BaigeNews.kz.
Оның денесін камераларды аралау кезінде бекет бақылаушысы тапқан. 1968 жылы туған ер адам соққыға жығылып, тұншықтырылған. Дәрігерлер қамаудағы адамның механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болғанын анықтаған.
Қайтыс болған адам 16 тамызда ұрлық жасады деген күдікпен Қарағандының Октябрь аудандық сотының санкциясы бойынша қамауға алынған.
Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі басқармасы тергеу изоляторындағы оқиғаға ауызша түсініктеме беруден бас тартты.
ДЕРЕККӨЗ:
zakon.kz
https://www.zakon.kz/4998045-arestovannogo-nashli-mertvym-v.html

