Степногорскіде ұсталған адамнан мойындау жауабын күшпен алған екі полиция қызметкері нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik.
Сот жедел уәкіл мен учаскелік инспектордың көмекшісін азаптау жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Сот талқылауында анықталғандай, 2017 жылғы 9 ақпанда Бестөбе кентіндегі полиция бөлімінің ғимаратында ішкі істер органының осы екі қызметкері күдіктіні есірткіні заңсыз сақтағанын мойындауға мәжбүрлеген.
Айыпталушылардың әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
ДЕРЕККӨЗ:
https://365info.kz/2017/10/v-stepnogorske-politsejskih-posadili-za-pytki/

