Колониядағы ерікті белсенділер жаңадан келген сотталғандарды өз қатарына қосылуға «көндіру» үшін ұрып-соққан. Олардың бірі соққыдан қаза тапты. Степногорск колониясының лауазымды қызметкерлері мен белсенділері сотталған адамды азаптап, оның өліміне себеп болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Степногорск қалалық сотының үкіміне сілтеме жасап. Құжатқа сәйкес, 2016 жылғы 15 қаңтарда Степногорск қаласының Заводской кентіндегі ЕЦ-166/18 мекемесіне этаппен екі сотталған адам жеткізілген. Колония басшылығы ережені бұзып, олардың қасына сотталғандардың ерікті ұйымының белсенділерін кіргізген. Олар жаңадан келгендерді өз қатарына қосылуға талап еткен. Белсенділер оларды «алдын алу мақсатында» ұра бастаған. Соның нәтижесінде сотталғандардың бірі көз жұмды. Сот-медициналық сараптама көптеген соққы ми ісінуіне, ал оның өлімге әкелгеніне қорытынды жасады. Күдіктілер кінәсін мойындамады. Ақырында Степногорск қалалық соты колонияның төрт офицерін лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және азаптағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға офицерлік атақтарынан және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, шартты түрде екі жылдан төрт жылға дейінгі жаза тағайындалды. Сотталған адамды өлгенше ұрған үш белсенді ерекше режимдегі түзеу колониясында 14 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот олардың әрекетін қауіпті қайталанған қылмыс деп бағалады. Судья сондай-ақ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің департаменті мен №3517 әскери бөлімге жекеше қаулы шығарды. Бұған ЕЦ-166/18 мекемесінің бастығы көмекшісі мен Ұлттық ұлан бақылаушысының нұсқаулықтар мен мемлекеттік қызметші және әскери қызметші әдебін өрескел бұзуы, оның сотталған адамның құқықтарының бұзылуына және өліміне әкелуі себеп болды. ДЕРЕККӨЗ:
http://www.zakon.kz/4822450-osuzhdeny-vinovniki-profilakticheskogo.html

