Азаптаумен күресте халықаралық стандарттар мен озық практиканы Азаптауға қарсы Коалицияны қолдау арқылы Қазақстанда үйрету және насихаттау

Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюро, Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдары Коалициясымен, Адам құқығы бойынша халықаралық бірлестік және «Бала құқығын қорғау» бойынша үкіметтік емес ұйымдар Коалициясымен бірлесе отырып, балаларға арналған жабық мекемелердегі медициналық қызметкерлерге арнап: «Бас бостандығы және жеке бостандығы шектелген мекемелердегі балалардың БҰҰ стандарттары және отандық заңнамаға сәйкес құқықтары» атты оқулық дайындады.

Оқулықты Европа одағының қаржылай қолдауымен жүзеге асатын «Азаптаумен күресте халықаралық стандарттар мен озық практиканы Азаптауға қарсы Коалицияны қолдау арқылы Қазақстанда үйрету және насихаттау» жобасы аясында отандық сарапшылар құрастырған..

Осы нұсқаулық бас бостандығынан айыру орындарындағы және кәмелетке толмағандар мемлекеттің бақылауында болатын басқа да мекемелердегі медицина қызметкерлеріне және олардың балаларды дәрігерлік алдын ала қолдау баланың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы БҰҰ халықаралық стандарттарына барынша сәйкес келуі үшін оның жауапкершілігі саласына әдістемелік көмек көрсету мақсатында дайындалды. Аталған оқулық медицина қызметкерлері ғана емес, барлық балаларға арналған жабық мекемелердің қызметкерлеріне пайдалы. ҚР Адам құқығы бойынша Уәкіл жанындағы Ұлттық азаптаудың алдын-алу бойынша механизм өкілдерінің пікірі де қамтылған.

Бұл Нұсқаулықта келесі міндеттер бар:

  1. Медицина қызметкерлерінің бала құқықтары туралы жүйелі, кешенді түсініктерді қалыптастыру.
  2. Бас бостандығынан айыру орындарында және кәмелетке толмағандардың жеке бас бостандығы шектелген басқа да мекемелерде кәмелетке толмағандарға медициналық көмек көрсетуге байланысты әртүрлі жағдайларды шешу кезінде бала құқықтарының халықаралық стандарттарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  3. Қоғамнан оқшаулану және оның жеке басының бостандығын шектеу жағдайында баланың құқықтарын қорғаудың ұлттық тетігі туралы тиісті түсініктер алу.

Осы нұсқаулықтың авторлары дәрігердің бас бостандығынан айыру орындарындағы балалармен жүргізілетін алдын-алу, диагностикалау және емдеу бойынша өздерінің кәсіби қызметтерінде ерекше әлеуметтік жауапты миссиясына деген терең сеніміне сүйенеді.

Жүктеу booklet Kaz medical workers KAZ web

Вам может также понравиться...