Қаңтар оқиғасы бойынша ҰҚК қызметкерлерінің қамауға алынуы және сотталуына қатысты мәлімдеме

Азаптауға қарсы қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар коалициясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов мырзаға қатысты 2022 жылғы 25 қазанда айтылған негізсіз қамау жөніндегі БҰҰ Жұмыс тобының пікірінің расталған және дәйекті екенін растайды.

Мәсімов мырзаның мүддесі үшін белгісіз тарап берген шағымда әділ сот ісін жүргізудің халықаралық стандарттарының өрескел бұзылуы, оның ішінде адамның өзіне не айыпталғанын білу құқығы; арыздың мәні туралы отбасы мен жұртшылықты хабардар ету құқығы; өз таңдауы бойынша білікті заң көмегін алу құқығы; қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын негіздеу бөлігінде негізсіз ұстауға қарсы кепілдіктер; отбасымен байланысу құқығы, сондай-ақ бұл жағдайда толық құпия режимін негізсіз пайдалану сынды заңбұзушылық негізсіз екенін де растаймыз.

Осыған байланысты Қазақстандық азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясы қылмыс бойынша айыптауы немесе кінәсі дәлелденбеген кез келген адамды босату принципін ұстанады.

2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін ресми мәліметтер бойынша он мыңға жуық адам ұсталды. Көптеген қамауға алулар озбырлық санатына жатқызылды. Оның үстіне жүздеген тұтқын азаптауларға ұшырағанын да мәлімдедік және растаймыз. Бір ғана Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясына наразылық білдірушілерді азаптау мен қатыгездік көрсетуге қатысты 190 шағым келіп түсті.

Осы уақытқа дейін қаңтар оқиғасы кезіндегі заңсыз әрекеттерге кінәсі дәлелденбеген тұлғалар тергеу изоляторларынан босатыла бастады. Бостандыққа шыққандардың көбі азапталдық немесе зұлымдық көрдім деп мәлімдегенімен, олардың мәлімдемелері ескерілмеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясының Мәсімов мырзаның жеке басына қатысты да, басқа да жүздеген тұтқындарға қатысты ұстанымы өзгеріссіз қалады. Яғни, кімге қатысты да ашық, әділетті тергеу болуы шарт.

Тек жан-жақты, ашық және бейтарап тергеу ғана негізсіз қамауға алынды, азаптаулар мен қатыгездікке ұшырады деп мәлімдеген тұлғалардың айыптаулары мен айғақтарын растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін.

Қазақстандық азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясы, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро (KIBHR) және Негізгі құқықтар үшін адам құқықтары альянсы (ҚИБХР мүшесі) осы оқиғаларды тәуелсіз халықаралық немесе «гибридтік» тергеу жүргізуге шақырды. БҰҰ органдарының ұсынымдарын орындап, қаңтар оқиғасы үшін жекелеген тұлғаларды жауапкершілікке тартудың заңдылығы туралы сұрақтарға жауап бере алатын беделді халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен тергеу тобы құрылуын құптайды.

Қазір Кәрім Мәсімов пен қаңтар оқиғасының басқа да қатысушыларына қатысты сот процесі жүріп жатыр, олар тергеушілердің пікірінше, бүкіл елде тәртіпсіздіктер ұйымдастыруда басты тұлғалар болып табылады. Сонымен қатар, қаңтар оқиғасы бойынша осы және басқа да кейбір істерді қарау кезінде толық құпиялылық режимі әділ және объективті тергеу жүргізуге күмән келтіреді; оның ішінде жабық сот жағдайында сотталушылар азаптауларға немесе қатыгездіктің басқа түрлеріне ұшырамағаны туралы кепілді ақпарат ала алмаймыз.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАПТАУҒА ҚАРСЫ ҮЕҰ КОАЛИЦИЯСЫ

Вам может также понравиться...